Қырым татарларының депортациясына орай іс шаралар өткізілді

Адана, Анкара мен Ыстанбұлда еске алу мерәсімдері өтті

69706
Қырым татарларының депортациясына орай іс шаралар өткізілді

Адананың Жейлан ауданында Қырым татарлары қауымдастығы жер аударылудың 70-жылдығына орай еске алу мерәсімін өткізді.
Чакалкале ауылында өткен мерәсім депортацияда қаза тапқан Қырым татарлары мен Сомадағы шахта апатында қаза тапқан кеншілер үшін бір минуттық үнсіздік жариялау арқылы басталды. Мерәсімде Түркия және Қырым татарлары әнұрандары шырқалды.
Іс шара өткен алаңның кіреберісіне Түркия байрағы ішіне салынған кенші суреті және «Қайғымыз бір» атты жазу назар аударарлық еді.
Бағдарламада Қырымның Ресей тарапынан басып алынуы айтылды, Сомада қаза тапқан кеншілер еске алынды. Шәйіттер туралы өлеңдер оқылды. 70 жыл бұрын болған депортация туралы мәліметтер беретін сурет көрмесі де келушілердің назарын аударды.
Анкараның Полатлы ауданында да осы тақырыпта іс шара өткізілді.
Ал Ыстанбұлда болса бір топ кісі Ресей бас консулдығының алдына қара азагүл қойды. Шеруші топ соңғы кезде Украинада болған оқиғалардың Қырым татарларының трагедиясын қайтадан еске салғанын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар