Бүгін- Ататүрікті еске алу, жастар мен спорт мерекесіне орай рес

Жастар Аныткабір мавзолйіін зиярат етті

69710
Бүгін- Ататүрікті еске алу, жастар мен спорт мерекесіне орай рес

Бүгін 19 мамыр - Ататүрікті еске алу, жастар мен спорт мерекесі. Биыл Сома шахтасындағы апатқа орай тек қана ресми мерәсімдер өткізілді. Ресми мерәсім Аныткабір мавзолейінде 09:35-те басталды.
Жастар мен Спорт министр Акиф Чағатай Қылыч пен қасындағы лауызымдылар Ататүрік мавзолейіне гүл шоқтарын қойды. Акиф Кылыч Аныткабір мавзолейінде арнайы дәптерге тілектерін жазды.
Кылыч дәптерге «Сомада болған және барлығымызды қайғыға бөлеген кеніш апатында қаза тапқан 301 бауырымыз әр заман жадымызда қалады. Сен тұтатқан тәуелсіздік алауы бүгін де дәл сол күнгідей алаулап тұр және еліміздің алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекет болу жолын сәулелендіруде» деп жазды. Мерәсімде Жастар мен спорт министрі Кылычтың қасында түрлі білім ошақтары мен спорт клубтарынан келген тәлімгерлер бар еді.
Президент Абдуллах Гүл 19 мамыр Ататүрікті еске алу, Жастар мен спорт мерекесіне орай Ыстанбұл әкімі Хүсейін Авни Мутлу мен қасындағы жастар делегациясын Тарабия резиденциясында қабылдады.
19 мамыр мерекесі үшін Анкараға келген жастар да премьер-министр Эрдоғанның қабылдауында болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар