Сомадағы апатта қаза болғандар саны артты

Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз бүгін таңертең қаза болғандар санының 282-ге жеткенін мәлімдеді.

67888
Сомадағы апатта қаза болғандар саны артты

Сомадағы апатта қаза болғандар саны артты.
Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз бүгін таңертең қаза болғандар санының 282-ге жеткенін мәлімдеді.
Министр Йылдыз ауқымды құтқару операциясының екі пунктке жету нысанасы бар екенін айтты. Апат болған кеніштегі иіс газы Стамбулдан әкелінген алпауыт вентиляторлар арқылы шығарылды. Иіс газы шығарылғаннан кейін құтқару жұмыстары негізгі қақпадан басталды.
Кенші жақындары да есік алдында күтіп тұр.
Осы арада кеншілердің көміртек қосындысы иіс газынан уланып қайтыс болғандары анықталды. Аутопсиясы аяқталған және кім екендері анықталған жаназалар отбасыларына тапсырылды.
Қаза тапқан жұмысшылар үшін Сома Орталық мешітінде мәуліт оқытылды.
Дін істері басқармасы төрағасы Мехмет Гөрмез және көптеген азамат жұмысшылар үшін дұға қылды.
Денсаулықты сақтау министрі Мехмет Мүеззиноғлу қазір ауруханаларда 27 жаралы бар екенін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар