Апаттың артынан көптеген министр Сомаға барды

Көптеген министр Сомаға барды

67907
Апаттың артынан көптеген министр Сомаға барды

Апаттың болған кезден бастап Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз жаңалықтарды дәл кезінде қадағалауда.
Йылдыз құтқару жұмыстарының артынан әкімшілік тергеу мен бақылау жұмыстарының басталатынын атап айтты.
Денсаулық сақтау министрі Мүеззиноғлу аймаққа барып, ауруханалардағы жаралыларға зиярат жасады.
Сомаға барған Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Айшенур Ислам да қаза тапқандар мен жаралы жұмысшылардың жанұяларына зиярат жасады. Ислам әлеуметтік жәрдемдердің үздіксіз жалғасатынын атап көрсетті.
Әділет және Өркендеу партиясы депутаттары да апат болған аймаққа барды.
Депутаттар жұмысшылардың жанұяларымен кездесті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар