Жемил Чичек Молдовада

Чичектің келесі аялдамасы христиан түріктер өмір сүретін Гагауз елі автономдық аймағы болады.

64172
Жемил Чичек Молдовада

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Жемил Чичек ресми сапармен Молдоваға кетті.
Мәжіліс төрағасы Чичек Кишинев байланыстары аясында әріптесі Игорь Корманмен кездесті. Чичек осында екі ел арасындағы қатынастардың дамуы үшін 1 маусым күні күшіне енетін виза жеңілдігі және жоспарланған еркін сауда келісім-шартының маңызды екенін айтты. Чичек Молдованың автономдық аймағы Гагауз елінің мәртебесінің өзгертілместен қоғамның бір бөлшегі болуын және проблемалардың шешілуін көздейтін сараптамалардың іске қосылуын сұрады.
Түрік мәжілісі төрағасы Чичек артынан Молдова президенті Николае Тимофтимен бас қосты. Чичектің келесі аялдамасы христиан түріктер өмір сүретін Гагауз елі автономдық аймағы болады.
Чичек екі күндік байланысынан кейін Румынияның бас қаласы Бухарестке барады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар