Манас және Ахмет Ясауи университеті арасында ынтымақтастық хаттамасы жаңартылды

ҚТМУ ректоры Джейлан және Қожа Ахмет Ясауи Университеті ректоры Темірбекова Бішкекте кездесу өткізді.

2125509
Манас және Ахмет Ясауи университеті арасында ынтымақтастық хаттамасы жаңартылды
Kazakistan_YeseviÜniversitesi_ManasÜniversitesi_KZ_kazakça

Қырғызстан-Түркия «Манас» университеті (ҚТМУ) мен Ахмет Ясауи университеті арасындағы академиялық ынтымақтастық хаттамасы жаңартылды.

ҚТМУ ректоры профессор Алпаслан Джейлан және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университеті ректоры профессор Жанар Темірбекова Бішкекте кездесу өткізді.

Кездесуден кейін Джейлан мен Темірбекова академиялық ынтымақтастық хаттамасына қол қойды.

Джейлан AA тілшісіне берген мәлімдемесінде Жанар Темірбекованы «Манас» университетінде қабылдағанына ризашылығын білдіріп, қос оқу орнының бұдан да көп жұмыс атқаратынын жеткізді.

Қонақ ректормен кездесудің нәтижелі өткенін айтқан Джейлан «Түрік әлемінің рухани көшбасшысы сөзсіз Ахмет Ясауи. «Манас» университеті өз атын түрік әлемінің ең маңызды «Манас» дастанынан алады. Бұл екі университет «Алтын көпір» ретінде әрекет етіп, адам баласына салынатын ең үлкен инвестиция» деді.

Жаңартылған хаттамаға қатысты Темірбекова “Жақсы жобалармен жиі бас қосуды мақсат етіп отырмыз, бір аяғымыз Бішкекте, бір аяғымыз Түркістанда, артындағы қуатты үш мемлекеттің үлесімен жақсы жобалар дүниеге келетініне сенімдіміз” деді.

Темірбекова екі университеттің ынтымақтастығын бүгінгі жағдайға сай жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, жан-жақты етуді мақсат етіп отырғандарын айтып, “Осыған байланысты Түрік Мемлекеттері Ұйымы шеңберінде және шаңырағында Мәулана және Орқын секілді жаңа бағдарламалар мен жаңа жобаларды іске қосуға университеттеріміз басымдық береді деп сенеміз” деді.

Ахмет Ясауи университеті туралы мәлімет берген Темірбекова университеттің 30 жылда 90 мыңнан астам түлегі және мықты кадрларымен түрік әлемінің интеграциясына үлес қосып отырған маңызды ғылыми мекеме екенін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар