Қазақстандық университет студенті мұсылман болды

Никита Климов Билежик  мүфтиатында өткен рәсімде тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болды.

2124254
Қазақстандық университет студенті мұсылман болды

Билежик Шейх Эдебали университетінде оқитын қазақстандық Никита Климов Билежик  мүфтиатында өткен рәсімде тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болды.

Климов өз ізденісінің нәтижесінде мұсылман болғысы келетінін айтып, Билежик мүфтиатына жүгінген. Мүфтиатта өткен дін қабылдау рәсімінде мүфти Әли Ерхун Климовке исламның негізгі қағидалары туралы ақпарат берді. Одан кейін Никита Климов куәлік етіп, Ислам дінін қабылдады. Мүфти  Эрхун Исламның бейбітшілік пен тыныштық діні екенін түсіндіріп, мұсылман болуға шешім қабылдаған Никита Климовке куәлігін табыс етті. Сонымен қатар мүфти Әли Ерхун мұсылмандықты қабылдаған студентке Қасиетті Құран Кәрім, Дін істері басқармасы шығарған түрлі кітаптарды сыйға тартты.



Ұқсас жаңалықтар