Жапаровқа Татарстаннан орден
Татарстан Президенті Минниханов Қырғызстан Президенті Жапаровқа «Мемлекеттік достық» орденін табыс етті.
Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының президенті Рүстем Минниханов Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа «Мемлекеттік достық» орденін табыс етті.
Қырғызстан президенттігінің баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Жапаров пен Минниханов Татарстанның астанасы Қазанда кездесті. Кездесуде Қырғызстан мен Татарстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қатысты мәселелер қозғалды.
Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін 2024 және 2025 жылдары бірлескен Мәдениет күндерін өткізу туралы шешім қабылдады. Президент Жапаров Миннихановты Қазанда басталған «Болашақ ойындары» атты 1-ші халықаралық спорттық турнирін сәтті ұйымдастырғаны үшін құттықтады.
Минниханов Татарстанның халықаралық беделін нығайтудағы ерекше қызметі үшін Жапаровқа «Мемлекеттік достық» орденін де сый етті.
«Бұл жоғары награда Қырғызстан, Татарстан және Ресей Федерациясы арасындағы мызғымас достықтың символы болсын», - деді Жапаров.
Ұқсас жаңалықтар
Ильхам Әлиев пен Энтони Блинкен сөйлесті
Энтони Блинкен Әзербайжан мен Армения арасында жасалған келісімді қолдайтындарын білдірді.