Түріктер түрік және грек тілінде білім беретін балабақша ашылуын талап етті

Батыс Фракия Түрік Мұғалімдер Одағы  21 ақпан Дүниежүзілік  ана тілі күніне орай әлеуметтік желіде мәлімдеме жариялады.

2106199
Түріктер түрік және грек тілінде білім беретін балабақша ашылуын талап етті

Грекияда Батыс Фракия аймағындағы түріктер түрік және грек тілінде білім беретін балабақша ашылуын талап етті.  

Батыс Фракия Түрік Мұғалімдер Одағы  21 ақпан Дүниежүзілік  ана тілі күніне орай әлеуметтік желіде мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде  аймақтағы түріктердің білім саласындағы қиыншылықтарына назар аударылды.

Хабарламада  Мұғалімдер Одағы сондай-ақ түрік және грек тілдерінде білім беретін балабақшалардың ашылуының маңыздылығына тоқтады. Олар ана тілінің қарым-қатынас құралы қасиетінен бөлек мәдени тасымалдаушы қасиеті бар екеніне баса назар аударды.

Мәлімдемеде «Адамның ана тілінен ажырауы-оның отбасымен, ұлтымен байланысының үзілуі ғана емес, сонымен бірге оның дүниемен байланысының үзілуі. Тілінен айырылған  ұлттың  әрі қарай қалыптасуы мүмкін емес нәрсе. Ана тілінен қол үзген адам  бірте-бірте ұлттық құндылықтарынан да ажырай бастайды.»-,делінген.

Батыс Фракияда түрік және грек тілінде білім беретін балабақшалардың ашылуын талап еткен мәлімдемеде мектептерде түрік балаларын тек грек тілінде білім алуға мәжбүрлеу “бұл ескірген және қысымшыл” деп атап көрсетілді.

Еуропалық Батыс Фракия түрік федерациясы жариялаған деректерде «Ана тілінде білім алу – адамның ең негізгі құқықтарының бірі»  екені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар