ҚР Қарулы күштерінде АНКА-S ұшқышсыз әуе аппараттары

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі қазақстандық сарбаздардың АНКА-S сынақтан өту барысының суретімен бөлісті.

2080627
ҚР Қарулы күштерінде АНКА-S ұшқышсыз әуе аппараттары

Түркияның қорғаныс өнеркәсібі аясында әзірленген АНКА-S ұшқышсыз әуе аппаратының әскери сынақтары Қазақстан армиясы флотына енгізіле бастады.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі қазақстандық сарбаздардың АНКА-S сынақтан өту барысының суретімен бөлісті.

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда қабылдау сынақ кезеңдерінен сәтті өткен ANKA-S түрік ұшқышсыз әуе аппараттарының  әскери сынақтары басталды.

Сәтті өткен сынақтар мен комиссия қорытындысынан кейін АНКА-S ұшқышсыз жүйелері тәжірибелі әскери сынақтарға қабылданды. Қазіргі уақытта жаңа техника жеке құрамға бекітілді. Қазақстандық әскери қызметшілердің басқаруымен дрондарды алғашқы рет іске қосу жүзеге асырылуда.

Ұшқышсыз әуе аппараттары жауынгерлік қолдану оқу орталығының басшысы Шоқан Мұсабеков ANKA-S-нің алғаш рет қазақстандық әскери қызметкерлердің бақылауымен орындалғанын айтты.

Мұсабеков әскери сынақ сәтті аяқталса, АНКА-S Қазақстан әуе қорғанысы күштерінің флотына қосылатынын атап өтті.

Түрік ұшқышсыз әуе апараты  қанатының ұзындығы 18 метрге жетеді. Жүктемеге байланысты ұшу жылдамдығы сағатына 120-дан 270 шақырымға дейін. Ол 10 км биіктікке көтеріліп, аспанда 27 сағатқа дейін үзіліссіз жұмыс істей алады.

Майор Николай Кириллов та ANKA-S бұрын қолданған жүйелерге ұқсамайтынын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар