Астанада әлемнің түкпір-түкпірінен келген  қазақ қандастар бас қосты

Форум шетелдегі қазақтар мен туған жер арасындағы байланысты нығайтуды көздейді.

2049609
Астанада әлемнің түкпір-түкпірінен келген  қазақ қандастар бас қосты

Қазақстан елордасы Астанада әлемнің түкпір-түкпірінен келген  қазақ қандастар бас қосты.

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен «Қазақстан және азаматтар: ортақ мұрат жолында» атты форум өтті.

Біріншісі 2019 жылы ұйымдастырылған форумға әлемнің 40 елінен 200-ге жуық этникалық қазақ қатысты.

«Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы «Бірінші форумға 100 шақты қазақ қандас қатысқан болатын. Биыл елдердің саны және қатысушылардың саны артты.  Бұл жолы форумға тек этникалық қазақтар емес, қызметтеріне байланысты шетелде жүрген қазақтар да қатысты» деді.

«Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы мемлекет тарапынан этникалық қазақтарға әр салада қолдау көрсетіліп жатқанына тоқталып, шетелдегі қазақтармен байланысты нығайтуды мақсат етіп отырғандарын жеткізді.

Форум аясында «Саяси-экономикалық», «Ұлттық руханият», «БАҚ» және «Ана тілі» тақырыптары талқыланған 4 түрлі сессия өтті. Айырықша форум аясында «Отандастар» қорының жаңа жобалары таныстырылды



Ұқсас жаңалықтар