Орта дәліздің маңыздылығы күн санап артып келеді

Транскаспий дәлізі арқылы Қытайдан Еуропаға тасымалдау 84 пайызға өсті.

2047317
Орта дәліздің маңыздылығы күн санап артып келеді

Транскаспий халықаралық көлік жолы арқылы Қытайдан Еуропаға тасымалданған жүк көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 84 пайызға өсті.

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда Ақтау және Құрық порттары болып жалпы жүк сыйымдылығы 20 миллион тоннаны құрайтын екі теңіз портының бар екенін айтты. Қаратаев «Осы жерден өтетін жүк Каспий теңізі бойымен Әзербайжан және Грузия арқылы өтіп Еуропаға жетеді. Транскаспий халықаралық көлік жолы қазір маңызды дәлізге айналуда. Егер 2021 және 2022 жылдардың нәтижелерін салыстыратын болсақ, дәлізді пайдалану айтарлықтай өсті» деді.

Қарабаевтың айтуынша, бұл бағытты дамытуда Әзербайжан мен Грузияның тиісті министрліктерімен келісілген жұмыс маңызды рөл атқарады. Осы себепті кедергілерді жою мақсатында өткен жылы жол картасына қол қойылғанын еске салды.

Транскаспий дәлізін дамыту және Қазақстанда мультимодальды көлікті кеңейту үшін түрлі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Өткен жылы Достық-Мойынты учаскесінде жүк көлемін 5 есеге арттырып, тасымалдау жылдамдығын арттыратын екінші жолдың құрылысы басталды.

Қазақстанның көлік министрі Бақты-Аягөз бағытында жаңа жобаның бар екенін және жүк көлемі биыл 27 миллион тоннаға жететінін мәлімдеді.

Қытайдан жүк қабылдайтын үшінші пункт ашу керектігін айтқан Қарабаев Бақты-Тачен бағытында салынған 20 миллион тонна жүк сыйымдылығы бар жаңа вокзалдың маңыздылығына тоқталды.

Көлік министрі Құрық және Ақтау порттарының өткізу қабілетін одан әрі ұлғайту керектігін айтып, қазіргі теміржол бекеттерінің өткізу қабілетін арттыру жоспарланып отырғанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар