Ханкендидің электр желісі Әзербайжанның электр желісіне қосылды

Ханкенди қаласының электр желісі Әзербайжанның энергетикалық жүйесіне қосылды.

2041705
Ханкендидің электр желісі Әзербайжанның электр желісіне қосылды

Әзербайжанның Қарабах аймағында армян халқы тұратын Ханкенди қаласының электр желісі Әзербайжанның жалпы электр желісіне қосылды.

Әзербайжан президент әкімшілігінің мәлімдемесінде Ханкенди қаласының электр желісі Арменияның энергетикалық жүйесінен бөлініп, Әзербайжанның энергетикалық жүйесіне қосылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде Ханкендіге электр қуатының Шушадағы трансформатор орталығынан жеткізілгені атап көрсетіліп, «Қазір Ханкендиде Әзербайжан шамы жанды» делінген.

Әзербайжан армиясы конституциялық тәртіп орнату үшін 19 қыркүйекте Қарабахта лаңкестікке қарсы операция бастаған болатын .

Қарабахтағы заңсыз армян қарулы күштері шамамен 24 сағатқа созылған операциядан кейін қаруларын тастаған еді.



Ұқсас жаңалықтар