3 армян футболшыға жаза берілді

Үш футболшы жазаларын өтегеннен кейін Әзербайжаннан кете алады.

2030446
3 армян футболшыға жаза берілді

Қарабахта Әзербайжан туын таптаған 3 армян футболшыға 10 күннен бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Әзербайжан Бас прокуратурасы 2021 жылы соттық іс басталған, өздері жоқта тұтқындау үкімі шығарылған Армения азаматтары – Ален Сарксиан (22), Вахе Хловсепиан (20) және Левон Григорианның (20) Қарабахтан Арменияға өтіп бара жатқанда Лачын шекара бекетінде ұсталғанын білдірді.

Осы үш кісі тергеуде қылмыстарын қабылдап, өкініштерін тілге тиек етті.  Артынан осындай істі қайталамайтындарын білдірді.

Прокуратура аталмыш үш кісінің қылмыстарын 10 күнге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Үш футболшы жазаларын өтегеннен кейін Әзербайжаннан кете алады.

Қарабахтағы бір футбол клубының ойыншылары Әзербайжан туын аяққа таптағандарын көрсететін көріністер 2021 жылы жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар