"Түркия - денсаулық туризмінде орталық"

Кожа Түрік Мемлекеттері Ұйымы Денсаулық сақтау министрлері жиналысынан кейін журналистерге мәлімдеме жасады.

2025516
"Түркия - денсаулық туризмінде орталық"

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияның соңғы уақытта денсаулық туризмінде орталыққа айналғанын мәлімдеді.

Кожа Өзбекстанда өткен Түрік Мемлекеттері Ұйымы Денсаулық сақтау министрлері жиналысынан кейін журналистерге мәлімдеме жасады.

Бүгін Самарқандта басталған жиналысқа көп қатысушы келгенін айтқан Кожа «Әрі денсаулық туризмі, әрі медициналық құрал өндіру, өндіріс пен фармацевтика бойынша өзара ынтымақтастық форумы өтті» деді.

Форумға мыңға жуық қатысушының келгенін атап көрсеткен Кожа алдағы кезеңде ынтымақтастық үшін келіссөздердің жалғасатынын айтты. Министр Кожа сауықтыру туризмінің маңыздылығына тоқталып, «Түркия соңғы уақытта сауықтыру туризмінде орталық бола бастады» деді.

Кожа медициналық бизнес форумдарын басқа елдерде де өткізетіндерін айтып, қыркүйек айында Англияның бас қаласы Лондонда форум өткізудің жоспарланғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар