Пәкістан Әзербайжанмен келісті

Әзербайжан Пәкістанға сұйытылған табиғи газ жеткізеді.

2015719
Пәкістан Әзербайжанмен келісті

Пәкістан Әзербайжанмен сұйытылған табиғи газды (LNG) жеткізу бойынша «икемді шарттарда» келісімге қол қойды.

Пәкістан радиосының хабарына қарағанда, Лахорда «Pakistan LNG Limited» пен Әзербайжан энергетикалық компаниясы «SOCAR» арасында келісімге қол қойылды.

Қол қою рәсіміне қатысқан премьер-министр Шахбаз Шариф келісімнің 1 жылға жарамды екенін, бірақ тағы 1 жылға ұзартылуы мүмкін екенін айтып, Әзербайжанның ай сайын бір «LNG» жүк ұсынатынын және оны қабылдау немесе қабылдамаудың Пәкістанға байланысты болатынын білдірді.

Шариф Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті келісімдегі рөлі үшін мақтады.

Пәкістанның Әзербайжан әуе жолдарының Исламабад, Карачи және Лахорға ұшу рұқсатын бекіткенін атап өткен Шариф мұның екі ел арасындағы инвестиция мен туризмді дамыту үшін маңызды қадам екенін айтты.

Мұнай бағасы жаһандық деңгейде өскеннен кейін Пәкістан шикі мұнайды импорттау көздерін әртараптандыру әрекетін бастаған еді. Пәкістан Ресейден сатып алған 100 мың тонна шикі мұнайдың 45 мың тоннасын тасымалдаған алғашқы кеме 11 маусымда Карачиге жеткен болатын.

15 маусымда Пәкістан Министрлер Кеңесі Әзербайжаннан жеңілдетілген бағамен «LNG» сатып алу туралы келісімді бекіткен еді.



Ұқсас жаңалықтар