Әлиев Фиданды қабылдады

Фидан Бакуде президент Ильхам Әлиевтің қабылдауында болды.

2007431
Әлиев Фиданды қабылдады

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «Қосылмау қозғалысы» үйлестіру бюросының министрлер жиналысына қатысу үшін Әзербайжанға барды. Ол Бакуде президент Ильхам Әлиевтің қабылдауында болды.

Әзербайжан президенттігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Әлиев Фиданды өткен айда сыртқы істер министрі болып тағайындалуымен құттықтап, табыс тіледі.

Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанның мамырдағы сайлаудан кейін Әзербайжанға жасаған ресми сапарының «екі ел арасындағы бауырластық және одақтастық қарым-қатынастардың үлгісі» екенін атап көрсетті.

Хакан Фидан болса, бұрынғы қызметінде де, қазір де Әзербайжан мен Түркия арасындағы бауырластық және достық қарым-қатынастарды дамытуға басымдық бергенін айтты. Фидан Түркияны «Қосылмау қозғалысы» үйлестіру бюросының министрлер жиналысына шақырғаны үшін де ризашылығын білдірді.

Алиевті «Қосылмау қозғалысының» төрағалығымен құттықтаған Фидан Әзербайжанның өте маңызды процеске жетекшілік етіп отырғанын атап көрсетті.

Әлиев Фиданға Әзербайжанның «Қосылмау қозғалысының» кезекті төрағалығы кезінде атқарылған жұмыстар туралы да баяндады.



Ұқсас жаңалықтар