Стамбул - Түркі әлемінің жастар астанасы

Стамбул 2023 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы атанды.

1982776
Стамбул - Түркі әлемінің жастар астанасы

Стамбул 2023 жылы Түркі әлемінің жастар астанасы болды.

Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоглу, Түрік Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Өмірәлиев және Стамбул әкімі Али Йерликаяның қол қоюымен Стамбул 2023 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы атанды.

Стамбул Ататүрік мәдени орталығындағы ашылу салтанатына Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоглу, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Фикри Атаоғлу, Стамбул әкімі Али Йерликая, Түрік Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Өмірәлиев қатысты.

Беташарға қатысқандар арасында Әзербайжан Жастар және спорт министрінің орынбасары Индира Хаджиева, Қырғызстан мәдениеті, Ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Марат Тагаев, Өзбекстан Сенатының депутаты, Жастар саясаты және спорт министрінің бірінші орынбасары және Жастар басқармасының басшысы  Әлішер Садуллаев, Қазақстан Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің кеңесшісі Шерхан Талапов, Венгрия Бас консулының орынбасары Вероника Лакатос, Түркіменстан Бас консулдығының қызметкерлері, Түрік Мемлекеттері Ұйымының мүшелері, бақылаушы елдердің өкілдері мен еріктілер де бар.

Көпшіліктің қатысуымен өткен салтанат мехтер тобының қойылымы және халық билерімен басталды.

Мехмет Мухаррем Касапоглу Өзбекстанның көне қаласы Бұхараға өткен жылы алғаш рет Түркі әлемінің жастар астанасы атағы берілгенін және Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Стамбулдың 2023 жылы Түркі әлемінің жастар астанасы болып сайланғанын тілге тиек етті. 

Мехмет Мухаррем Касапоглу:

«Түркия Түрік Мемлекеттері Ұйымын өте құнды деп санайды. Біз осы шаңырақтың астында барлық іс-шараларды барынша күшті түрде орындауға талпынамыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар