Әзербайжан Ереваннан өз спортшыларын алып кетті

Еуропа чемпионатының ашылу салтанатында Әзербайжан туы өртенді.

1975398
Әзербайжан Ереваннан өз спортшыларын алып кетті

Арменияда өткен ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатының ашылу салтанатында Әзербайжан туы өртенген соң Әзербайжан өз спортшыларын чемпионаттан алып кетуге шешім қабылдады.

Әзербайжан Жастар және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті Арменияның бас қаласы Еревандағы Әзербайжан туының өртенуіне байланысты ортақ мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Армения премьер-министрі Никол Пашинян да қатысқан салтанатты ашылу рәсімінде жарыстарға аккредиттелген бір тұлғаның Әзербайжан туын өртегені атап көрсетілді.

Бұл акцияның Армения жұртшылығы тарапынан мақұлданып, туды өртеген шабуылдаушының «батыр» деп жарияланғанына назар аударылған мәлімдемеде бұл оқиғаның Армениядағы нәсілшілдік пен Әзербайжан дұшпандығының айқын дәлелі екені тілге тиек етілді. Сондай-ақ халықтар арасындағы достық, бейбітшілік пен өзара түсіністікке үлес қосатын спорттың мақсат пен қағидаттарына толығымен қайшы келетіні де атап көрсетілді.

Спортты саясаттандырудың мүлдем қабылданбайтыны баса айтылған мәлімдемеде «Мұндай өшпенділік орын алған және қауіпсіздік қамтамасыз етіле алмаған Арменияда психологиялық қысым салдарынан әзербайжандық спортшылардың жарыстарға әдеттегідей қатысуы мүмкін емес» делінді.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Әзербайжан туының өртелуі қатаң түрде айыпталып, шабуылдаушының дереу жазалануы талап етілді.

Ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатының ашылу салтанатында мемлекеттік тулар сахнада орын алған кезде бір адам Әзербайжан туын ұстап тұрған қыздың қолынан туды алып қашқан соң өртеп жіберді.

Чемпионатқа Әзербайжан 12 адамнан тұратын ауыр атлеттерімен қатысқан еді.



Ұқсас жаңалықтар