Әлиев Қазақстанға ресми сапармен барды

«Ильхам Әлиевтің Қазақстанға сапары одақтастық қатынастарды дамытуға тың серпін береді” деді Қазақстан президенті.

1972635
Әлиев Қазақстанға ресми сапармен барды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға ресми сапармен барды.

Әлиевті әуежайда премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлиевті Ақордада ресми түрде күтіп алды.

Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.  

«Ильхам Әлиевтің Қазақстанға сапары одақтастық қатынастарды дамытуға тың серпін береді” деді Қазақстан президенті.

 Екі ел арасында тауар айналымы 40 пайызға артып, жарты миллиард долларға жеткені атап көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз былтыр Стратегиялық қатынастарды нығайту және одақтастық ынтымақтастықты тереңдету туралы декларацияға, сондай-ақ Ынтымақтастықты дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді бағдарламасына қол қойдық. Бүгін тағы бірқатар маңызды құжат қабылданады. Сонымен қатар Сіздің бүгінгі сапарыңыз аясында ынтымақтастығымыздың саяси тұғырнамасына тың серпін беретін Жоғары мемлекетаралық кеңес құрамыз. Бұл екіжақты қатынастарға тың серпін беретіні сөзсіз», – деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев айырықша Гайдар Әлиевтің өміріне арналған «Ғазиз ғұмыр» деректі фильмінің таныстырылымы өтетіндігін айтты. Фильмді Қазақстан телерадио корпорациясы түсірген. Президенттің айтуынша биыл Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Физулиде салынып жатқан Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығының ашылуына шақырды. Оның пайымынша, аталған орталық екі халықтың достығы мен бауырластығының жақсы нышаны болмақ.



Ұқсас жаңалықтар