Жаңа елші сенім грамотасын тапсырды

"Қазақстандағы жұмысым барысында екіжақты қарым-қатынасты нығайту үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын" деді елші.

1971071
Жаңа елші сенім грамотасын тапсырды

Түркия Республикасының жаңа өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын тапсырды.  

«Қазір ғана құрметті Президент мырзаға сенім грамотасын табыс еттім. Біз тағы бір мәрте республикаларымыз арасындағы ынтымақтастықтың нығая түсетіндігін қуаттаймыз. Қазақстандағы жұмысым барысында екіжақты қарым-қатынасты нығайту үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Түркия - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған мемлекет және 31 жыл бойы екіжақты қарым-қатынасты нығайтып келеді. Таяуда республикаларымыздың арасында қол қойылған құжат қарым-қатынасымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін көтереді. Біздің ынтымақтастығымыз жедел қарқынмен дамитынына сенімдіміз. Өйткені біздің халықтарымыздың тілі, мәдениеті ұқсас», - деді Түркия елшісі.



Ұқсас жаңалықтар