Әзербайжан Палестинада дипломатиялық өкілдік ашады

Палестина Сыртқы істер министрі Рияд әл-Малики Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесті.

1967895
Әзербайжан Палестинада дипломатиялық өкілдік ашады

Палестина Сыртқы істер министрі Рияд әл-Малики Әзербайжанның Палестинада дипломатиялық өкілдік ашу шешіміне риза екенін айтты.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Малики Рамалладағы министрлік орталығында Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесті.

Кездесуде министрлер Палестина территориясындағы соңғы оқиғалар мен Израильдің заң бұзушылықтарын талқылады.

Байрамов мұндағы сөзінде Әзербайжанның екі мемлекетті шешім нұсқасын және астанасы Шығыс Иерусалим болатын Палестина мемлекетінің құрылуын қолдайтынын білдірді.

Байрамов сонымен бірге Әзербайжанның Палестинада бір жыл ішінде дипломатиялық өкілдігін ашатынын айтты.

Палестина министрі Малики:  «Израильдің Апартеид режимі мен нәсілшілдікке негізделген отаршылдығы қоныстанушы басып алу жобасын жалғастыруда» деді. 

Дипломатиялық өкілдіктің ашылуы үшін Байрамовтың сапарын күтіп отырғанын білдірген Малики: «Бұл шешім Әзербайжан Республикасымен мәдениет, туризм, білім, ғылыми зерттеулер және даму сияқты көптеген салаларда ынтымақтастықты арттыруға, екі ел арасындағы ортақ мүдделі салалардағы қарым-қатынастар нығайтуға үлес қосады» деп көрсетті.

Екі ел арасындағы жақсы қарым-қатынасқа тоқталған Малики дипломатиялық өкілдіктің елшілік деңгейіне көтерілуін үміт ететінін де атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар