АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға ресми сапармен барды

Ресми байланыстары аясында Блинкен алдымен қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

1953024
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға ресми сапармен барды

 

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен барды. Блинкенді Астанаға сапары аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

Кездесу барысында Тоқаев екі ел арасындағы қарым-қатынас орнағаннан бері Қазақстан мен АҚШ екіжақты және көпжақты форматта үлгілі ынтымақтастық орнатқанын айтты. Екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасқа тоқталған Тоқаев АҚШ-тың елге 62 миллиард доллардан астам инвестиция құйған Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың бірі екенін атап өтті.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі нығаюы керектігін айтқан Блинкен «Аймақты нығайту, күшті байланыстар құру, өзара тығыз қарым-қатынас орнату және практикалық мәселелерге назар аудару үшін Сыртқы істер министрлерімен көбірек нақты жұмыстар жүргіземіз деп үміттенемін.  Бұл Орталық Азияға да, АҚШ-қа да тиімді деп ойлаймын. Біз жоғары деңгейде ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз» деді.

Блинкен Қазақстанның бас қаласы Астанада өткен Орталық Азия елдері мен АҚШ Сыртқы істер министрлерінің С5+1 форматындағы кездесуіне де қатысты.

Кездесуде Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы экономика, энергетика, қоршаған ортаны қорғау және терроризмге қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесуден кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында екі ел арасындағы сауда көлемінің 3 миллиард долларға жеткені айтылды. Екінші жағынан АҚШ-тың Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл реформаларын қолдағаны атап көрсетілді.

Энтони Блинкен Астанаға сапары аясында Қазақ ұлттық өнер университетінде болып, қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкен Қазақстаннан кейін Өзбекстанға барады.



Ұқсас жаңалықтар