Қызылорда қаласында «Біз біргеміз» атты акция өтті

«Тағзым» алаңында жер сілкінісінде қаза тапқандарды еске алу акциясы өтті.

1943198
Қызылорда қаласында «Біз біргеміз» атты акция өтті
Kazakistan_anma_deprem (1).jpg
Kazakistan_anma_deprem (3).jpg
Kazakistan_anma_deprem (4).jpg

     7 ақпан күні  Қызылорда қаласындағы «Тағзым» алаңында Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінде қаза тапқандарды еске алу акциясы өтті. Оған еріктілер, жергілікті тұрғындар мен балалар қатысты.

«Қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, одан кейін ескерткішке гүл шоқтары қойылды. «Түркия, біз сізбен біргеміз!» деген жазу қаламыздың әрбір тұрғынының жүрегіндегі сөз. Бұл қайғы бәрімізге ортақ! Қаладағы мешітте дұғалар оқылып, осы алапат апаттан зардап шеккендерге алаңдаушылық білдірілді. Тұрғындардың бұл оқиғаға күйзелгені анық көрініп тұр» деп хабарлайды жергілікті «Кызылординские вести» газетінің журналисі Индира Әбдірахманова.

Қызылордадағы акцияға қатысқан 10-сынып оқушысы Райхан Саттарова «Түркияда болған сұмдық жер сілкінісін естігенде жүрегім қатты ауырды. Жүздеген адам жантүршігерлік апаттың құрбаны болды, мыңдаған адам зардап шегіп, баспанасынан айырылды» деді.

«Анам екеуміз тапжылмай теледидар қарап, жаңалықтарды тыңдадық. Әлеуметтік желідегі видеоларды көріп, жыладық. Ал таңертең мешітке барып, дұға оқыдық, жеті нан тараттық. Бұл қайғылы оқиға бүкіл түркітілдес жұртшылықтың басын қосты»  дейді бастауыш сынып мұғалімі Саида Қазбекова.

     Бауырлас Қазақстанда жер сілкінісінде зардап шеккен Түркия халқына арнап тағы да іс-шаралар жоспарланады.

Қызылорда халқының тұрғындары да осынау жойқын апатта қаза болғандардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Алла баршаға жәрдем берсін!

«Құтқарушылар, медицина қызметкерлері, өрт сөндірушілер, полицейлер және Түркияның қарапайым халқы,  біз сіздермен біргеміз! Біз біргеміз!» деп үн қатады қазақстандық бауырлар.



Ұқсас жаңалықтар