Қазақстан президенті Түркияға көңіл айтты

Президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

1942293
Қазақстан президенті Түркияға көңіл айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты Президент Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар