Домбыра сабағы - Гиннесс рекордтар кітабында

Ең ауқымды домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына енді.

1936639
Домбыра сабағы - Гиннесс рекордтар кітабында

«Назарбаев Зияткерлік мектебінде» өткен  ең ауқымды домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Қазақ халқының басты ұлттық аспабы домбырамен өткізілген онлайн рекордты тіркеу туралы ақпарат Гиннесс рекордтар кітабының ресми сайтында жарияланды.

NIS-тегі домбыра сабағы – бір мектептің мыңға жуық оқушысы ұлттық музыкалық аспапты жетік меңгеріп, бірге күй орындаған әлемдегі тұңғыш оқиға. Оқушылардың орындауында «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес», «Жастар биі» сынды атақты күйлер күмбірлеп, туындылардың шығу тарихы баяндалды.

 Гиннесс рекордтар кітабының талаптары бойынша ауқымды сабақты 25-тен астам стюард пен 2 куәгер қадағалады.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде домбыра ансамбльдері мен студиялары жұмыс істейді, домбыра сабақтары математика, физика, шет тілі сабақтарымен ұштастырылуда. Жас музыканттар «Ұлы дала мұрагерлері» дәстүрлі флешмобында жыл сайын ел сахналарын бағындырып жүр.



Ұқсас жаңалықтар