Қазақстандағы шетелдік компаниялардың үлесі артты

Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика агенттігі хабарлады.

1935095
Қазақстандағы шетелдік компаниялардың үлесі артты

ҚР Ұлттық статистика агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда шетелдік бизнесмендер тіркеген компаниялардың саны артқан.

2022 жылы бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,1 есе артып, 11 мың 780-ге жетті.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен жылдың алғашқы екі айында көрсеткіштерде өзгеріс болмағанымен, наурыз айында 226-дан 754-ке дейін өсіп, 2021 жылдың наурызымен салыстырғанда 3,3 есеге өсті.

Ең көп өсім тамыз, қазан және қараша айларында тіркелді.

Ең көп таңдалған аймақтар Алматы, Астана, Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстары болды.

Шетелдік компаниялар санының өсуімен оның жалпы тіркелген компаниялардағы үлесі 2021 жылғы 9,1%-дан 2022 жылы 22,8%-ға дейін өсті. Яғни жаңадан тіркелген компаниялардың төрттен бір бөлігіне жуығы - шетелдік компаниялар.

2022 жылы тіркелген компаниялардың жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 24,3 пайызға өсіп, 51 716-ға жетті. Оның 12 327-сі мемлекеттік, 39 392-сі жекеменшік компаниялар болды.



Ұқсас жаңалықтар