Жазушы Әлмашұлының кітабы түрік тіліне аударылды

Анкарада кітаптың тұсаукесері болып өтті.

1933206
Жазушы Әлмашұлының кітабы түрік тіліне аударылды

Анкарада Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың ұйымдастыруымен драматург, филолог, жазушы ғалым Жолтай Жұмат Әлмашұлының түрік тіліне аударылған "Махаббат және өшпенділік" атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кітапты түрік тіліне аударған - әдебиетші, ғалым Орхан Сөйлемез.

Анадолы елінің бас қаласы Анкарада халықаралық Түріксой ұйымының Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің және  Еуразия жазушылар одағының бірігіп ұйымдастыруымен қазақ жазушы, драматург Жолтай Жұмат Әлмашұлының «Бенгю» баспасынан түрік тілінде шыққан “Махаббат пен өшпенділік” ден аталатын кітабының тұсаукесер шарасы өтті. Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Өмерұғлу, профессор Орхан Сөйлемез, Қазақстан елшілігінен Мерей Мұқажан құттықтау сөз сөйледі.

Тұсаукесердің бетін ашып берген Түріксой ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев түрік халықтарының мәдениеті мен өнерінің шаңырағы - Түріксой ұйымында қазіргі қазақ әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі Жолтай Жұмат Әлмашұлын қонақ қылып жатқандарына қуанышты екенін жеткізді.

Бас хатшы Раев түрік әлеміндегі заманауи әдебиеттің танымал авторларының бірі Жолтай Жұмат Әлмашұлының роман, әңгіме және драматургия сияқты әдебиеттің әртүрлі жанрында өте маңызды туындылар жазғанын және көптеген шығармаларының сахнаға қойылғанын айтты.

Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің кеңесшісі Мерей Мұқажан түркі әлемінің тұңғыш халықаралық ұйымы Түріксойдың жұмысына жоғары баға берді. Мұқажан 1993 жылы Қазақстанның Алматы қаласында қол қою арқылы құрылған және соңғы 30 жылда өте маңызды жұмыстарды атқарған Түріксой ұйымының 2023 жылға арналған қызметін қазақтың белгілі жазушысы Жолтай Жұматтың кітабының тұсаукесері арқылы бастаудың маңыздылығына тоқталды. Ол шығармалары кино мен театр сахналарының сәнін келтірген Жолтай Жұмат Әлмашұлының кітаптары көптеген тілге аударылып, ел ағаларының ризашылығына ие болғанын атап өтті.

Якуб Өмероғлу Жолтай Жұмат Әлмашұлының үлкен өмірлік тәжірибесі бар екенін және роман, әңгіме және драма жазу саласында айтарлықтай табысқа жеткенін атап өтті. Жазушының екінші кітабының Түркияда басылып шыққанын білдірген Өмероғлу Түрік әлемі авторларының кітаптары өз тілдерінде жарық көргеннен кейін түрік тіліне аударылып, Түркияда да басылуын әрдайым тілеп отырғандарын жеткізді. Өмероғлу Жолтай Жұматтың шығармаларында қазақ халқының ұлттық құндылықтарына үлкен мән берілгенін атап өтті.

Кітапты аударған Орхан Сөйлемез автордың түрік тіліне аударылған бұл еңбегінде қазіргі заманның өзекті мәселелерін философиялық тұрғыдан қарастырып, халықтарымыздың ұлттық қасиетін,  ұлттық болмысын нақышына келтіріп жеткізгенін айтты.

Жазушы Жолтай Жұмат Әлмашұлы өз сөзінде осыдан 30 жыл бұрын Алматыда Түріксой ұйымының құрылтай құжаттарына қол қоюға өзінің де үлес қосқанын және бүгінде оның кітабының Түріксой шаңырағында насихатталып жатқанына өте қуанышты екенін жеткізді. Жолтай Жұмат жазушы ретінде рухани мәдениет тарихына мән беруі керек деп есептейтінін, бұл рухани тарихтың Қазақстан жерінде өмір сүрген түрік әлемінің екі көрнекті тұлғалары - Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи туралы кітап жазғанын баса айтты. Түрік әлемінің маңызды тұлғаларының бірі Фараби туралы драманың «Махаббат пен өшпенділік»  деген атпен түрік тілінде оқырмандар назарына ұсынылғанына қуанышты екенін жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар