Қазақстанда аяз

Мектепте оқыту онлайн режимге ауысып, рейстер кешігіп жатыр.

1930683
Қазақстанда аяз

Қазақстанда арктикалық антициклонның әсерінен осы аптада республика бойынша салқын ауа райы басым болады.

Қазақстан ұлттық метеорологиялық орталығының (Қазгидромет) мәлімдемесінде елде басым болған арктикалық антициклонның солтүстік облыстардан оңтүстікке қарай жылжығаны хабарланды.

Мәлімдемеде осы аптада ауа температурасы елдің шығыс және солтүстік облыстарында 40 градус аязға дейін, оңтүстік және батыс аймақтарында 30-35 градус аязға дейін төмендейтіні ескертілді.

Елдің тыныс-тіршілігіне кері әсерін тигізіп отырған ауа райының күрт суытуына байланысты көптеген өңірлердегі, соның ішінде елорда Астанадағы мектептер қашықтан оқытуға көшсе, әуежайларда рейстер кешігіп жатыр.

Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты дизельді көліктер мен жолаушылар автобустарымен ұзақ қашықтыққа жүруге уақытша тыйым салынғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар