Қазақстан президенті ТМҰ Бас хатшысын қабылдады

Тоқаев хатшылықтың жұмысына барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

1921477
Қазақстан президенті ТМҰ Бас хатшысын  қабылдады

Қазақстан президенті Түрік Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевті қабылдады.

 Кездесу барысында Мемлекет басшысы ең алдымен Кубанычбек Өмірәлиевті ұйымның Бас хатшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұйымның негізін қалаушы елдің бірі ретінде түркі мемлекеттерімен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екеніне тоқталып, хатшылықтың жұмысына барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

Оның айтуынша, бүгінде түркі халықтарының ынтымақтастығы мен бірлігін нығайтуға арналған бірегей алаң ретінде Түрік Мемлекеттері Ұйымының маңызы арта түсті.

Президент сондай-ақ ұйым хатшылығының алдында биыл қазан айында Самарқанд қаласындағы саммитте қабылданған маңызды шешімдер мен бастамаларды тиімді жүзеге асыру міндеті тұрғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар