Түркия мен Әзербайжан бірлескен әскери жаттығулар өткізуде
Түркия мен Әзербайжан қарулы күштері Әзербайжанда бірлескен әскери жаттығулар өткізуде.
1914796
Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық келісімі аясында Түркия және Әзербайжан армиясы Баку, Астара, Жебрайыл және Имисли облыстарында жаттығу жұмыстарын бастады.
Оқу-жаттығуда құрлық және әуе күштері, арнайы жасақтар, ракеталық-артиллериялық бөлімшелер түрлі міндеттерді орындауда.
Бірлескен оқу-жаттығуда соғыс уақытында әскерлердің үйлесімділігін қамтамасыз ету, басқаруды жетілдіру, тәжірибе алмасу және жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру көзделуде.
Ұқсас жаңалықтар
Ильхам Әлиев пен Энтони Блинкен сөйлесті
Энтони Блинкен Әзербайжан мен Армения арасында жасалған келісімді қолдайтындарын білдірді.