Нахчыван кедені Әзербайжанға бағынатын болды

Әзербайжан президенті Әлиев Нахчыван Автономиялық Республикасының Мемлекеттік кеден комитетін тарату туралы шешімге қол қойды.

1912971
Нахчыван кедені Әзербайжанға бағынатын болды

Нахчыван Автономиялық Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті Әзербайжан Орталық Кеден Комитетіне бағынатын болды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Нахчыван Автономиялық Республикасының Мемлекеттік кеден комитетін тарату туралы шешімге қол қойды.

Комитетке қарасты бөлімшелер жаңадан құрылған Әзербайжан Мемлекеттік Кеден комитеті Нахчыван Бас басқармасына қосылды.

Осылайша Нахчыван Автономиялық Республикасы Ұлттық Мәжілісінің төрағасына бағынатын кеден комитеті Бакудегі орталық үкіметке тікелей бағынатын болды.

Бұған дейін Нахчыван Автономиялық Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жойылып, орталық үкіметке қосылған болатын.

Әзербайжанға қарайтын, бірақ сонымен бірге өз конституциясы бар Нахчыван Автономиялық Республикасының ішкі басқаруын Мәжіліс төрағасы жүзеге асырады.



Ұқсас жаңалықтар