СКТР-ның 39 жылдығы Нью-Йорк қаласында тойланды
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) 39 жылдығы Нью-Йорк қаласындағы Түрік үйінде салтанатты түрде атап өтілді.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) 39 жылдығы Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласындағы Түрік үйінде салтанатты түрде атап өтілді.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Нью-Йорктағы өкілі Мехмет Дана осында сөйлеген сөзінде «Кипрдағы жалғыз талпыныстарымыз бейбітшілік пен қауіпсіздік ішінде өмір сүру үшін егемендігімізді құрметтеу болып табылады» деді.
Кипр түріктерінің ерік-жігерін бұдан былай елеусіз қалдыруға болмайтынын білдірген Дана СКТР-ның жақын арада халықаралық қоғамдастықта лайықты орнын алатынына сенетінін айтты.
Кипр түріктеріне заңсыз және адамгершілікке жатпайтын оқшаулануға қарамастан, биыл Солтүстік Кипр Түрік Республикасына шамамен 2 миллион адамның келуінің күтілетінін білдірген Дана СКТР-де 140 елден 100 мың студенттің білім алғанын айтты.
Мехмет Дана Кипр түрік халқын жарқын болашақ күтіп тұрғанын айтты.
СКТР-ның үй иелігінде өткен салтанатты шараға Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты өкілі Феридун Синирлиоғлу, Нью-Йорк бас консулы Рейхан Өзгүр, шетелдік дипломатиялық миссияларының өкілдері, СКТР мен түрік азамттық ұйымдарының өкілдері қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Ильхам Әлиев пен Энтони Блинкен сөйлесті
Энтони Блинкен Әзербайжан мен Армения арасында жасалған келісімді қолдайтындарын білдірді.