Шекара үшін арнайы миссия

ЕО Әзербайжан-Армения шекарасына азаматтық бақылау миссиясын тағайындайды.

1894048
Шекара үшін арнайы миссия

Еуропалық Одақ (ЕО) тараптар арасындағы шекараны анықтауға көмектесу үшін Әзербайжан-Армения шекарасына азаматтық бақылау миссиясын тағайындайды.

Еуропа Одағының Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Люксембургте өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін баспасөзге мәлімдеме жасады.

Министрлердің Әзербайжан-Армения шекарасына азаматтық миссия жіберу үшін белгі бергенін айтқан Жозеп Боррель Оңтүстік Кавказдың Еуроодақ үшін үлкен маңызы бар екенін және мұндай миссияны аймаққа алғаш рет жібергендерін атап көрсетті.

Боррель алдағы апталарда Әзербайжанмен халықаралық шекараның Армения жағына 40 адамның орналастырылатынын мәлімдеді. Мұның тараптардың өтініші бойынша қабылданған шешім екенін айтқан Боррель команданың қазірдің өзінде Арменияда екенін, сондықтан оны қысқа мерзімде орналастыруға болатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар