ҰҚШҰ-на мүше елдердің әскери бөлімдері соғысқа қатыспайды

Айбек Смадияров ҰҚШҰ-на мүше елдердің әскери бөлімдері Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысы жоқ деп мәлімдеді.

1887829
ҰҚШҰ-на мүше елдердің әскери бөлімдері соғысқа қатыспайды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің әскери бөлімдері Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысы жоқ деп мәлімдеді.

Апта сайынғы баспасөз мәслихатындағы мәлімдемесінде Смадиров Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығын, егемендіктің теңдігін және халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидаттары аясында тепе-тең және бейбіт сүруді жақтайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жедел әрекет ету бөлімшелерінің оқу-жаттығулары жалғасуда.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде 3 қазаннан бастап оқу-жаттығулардың белсенді кезеңі басталғаны және 7 қазанға дейін жалғасатыны айтылды.

Елдің оңтүстігіндегі Жамбыл облысына қарасты Матыбұлақ өңірінде үш түрлі салада өткізілген жаттығуларға ҰҚШҰ-ға мүше елдерден 6500-ден астам сарбаз және 850-ден астам әскери техника қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар