Әзербайжан шейіттері Қазақстанда еске алынды

Астанада өткен еске алуға Қазақстандағы Әзірбайжан мекемелерінің өкілдері мен қазақстандық азаматтар қатысты.

1885314
Әзербайжан шейіттері Қазақстанда еске алынды

Қазақстанда Армения басқыншылығындағы жерлерді азат ету жолында 2020 жылдың 27 қыркүйек күні басталған және 44 күнге созылған соғыстың екінші жылында Әзербайжан шейіттері еске алынды.

Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Ағалар Атамоғлановтың ұйымдастыруымен өткен еске алу рәсімі елшілік қызметкерлері, Қазақстандағы Әзірбайжан мекемелерінің өкілдері және қазақстандық азаматтардың қатысуымен өтті.

Еске алу рәсімі шейіттер стендіне раушан гүлдерін қоюмен басталды. Кейін Әзербайжанның әнұраны орындалып, шейіттердің құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Әзербайжанның Астанадағы елшісі Ағалар Атамоғланов азат етілген аймақта бейбітшілік, қауіпсіздік және гүлденуді қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданғанын атап «Қазіргі уақытта азат етілген аудандарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан Әзербайжан үкіметі бір миллионға жуық босқынның қауіпсіз және абыройымен өз үйлеріне оралуы мен қайта интеграциясын қамтамасыз ету үшін дәйекті шаралар қабылдауда» деді.

Әзербайжан мен бауырлас Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарға тоқталған Елші Атамоғланов екі ел арасындағы байланыстың нығайып келе жатқанын тілге тиек етіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 24 тамыз күнгі Әзербайжанға ресми сапарының екі елдің қарым-қатынасында жаңа бастама екеніне назар аударды.

2-ші Қарабах соғысында 2 мың 908 Әзербайжан әскері шейіт болған еді.



Ұқсас жаңалықтар