Армян топтарының шабуылына наразылық көрсетілді

Әзербайжан армян топтарының Әзербайжанның шетелдегі елшіліктеріне шабуыл жасау әрекетіне наразылық білдірді.

1881845
Армян топтарының  шабуылына наразылық көрсетілді

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде армян қауымдарының соңғы уақытта Әзербайжанның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарына шабуыл жасау әрекеттерінің үлкен алаңдаушылық тудырғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Вандализм мен лаңкестік элементтерді қамтитын әрекеттердің дипломаттардың өмірі мен мүлкіне зиян келтіру мақсатын көздейтіні, сондықтан қылмыстық құрамға жататыны» атап өтілді.

Мәлімдемеде «Біз радикалды армян топтарының қылмыстық әрекеттерін қатаң айыптаймыз және тиісті елдердегі мұндай арандатушылықтардың алдын алуға жауапты мекемелерден өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтынын күтеміз. Әзербайжан радикалдық армян топтары жасаған бұзақылық әрекеттерді тиісті мемлекеттердің құқық қорғау органдарына тексеруді және бұл қылмыстарды жасағандардың әрекетіне заң алдына шығаруды талап етеді».

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Әзербайжанның Ұлыбританиядағы елшілігіне армян топтарының шабуылына байланысты наразылық нотасы берілгенін хабарлады.

 



Ұқсас жаңалықтар