Түркия мен Әзербайжан әуе күштерінің бірлескен әскери жаттығуы басталды

«TurAz қыраны 2022» деп аталатын оқу-жаттығудың ресми ашылу салтанаты Гянджа қаласында өтті.

1875914
Түркия мен Әзербайжан әуе күштерінің бірлескен әскери жаттығуы басталды

Әзербайжанда Түркия мен Әзербайжан әуе күштерінің бірлескен әскери жаттығуы басталды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда, «TurAz қыраны 2022» деп аталатын оқу-жаттығудың ресми ашылу салтанаты Гянджа қаласында өтті.

Салтанатты шарада Гянджа губернаторы Ниязи Байрамов Түркия мен Әзербайжаннан келген офицерлерге жаттығудың мақсаты мен бағдарламасы туралы ақпарат берді.

Оқу-жаттығуда екі елдің әскери әуе күштерінің бірлескен іс-шараларын жоспарлау, өзара іс-қимыл және жауынгерлік үйлестіруді зерттеу, іздеу құтқару іс-шараларын жүзеге асыру және басқа да міндеттер орындалады.



Ұқсас жаңалықтар