Қайырбек Өскенбаев түрік инвесторларымен кездесті

Кездесуде Қазақстанда жүзеге асырылуы жоспарланған маңызды инвестициялық жобалар талқыланды.

1868259
Қайырбек Өскенбаев түрік инвесторларымен кездесті

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев түрік инвесторларымен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанда жүзеге асырылуы жоспарланған маңызды инвестициялық жобалар талқыланды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Borsan Group» басқарма төрағасы Аднан Өлмез және «Sembol İnşaat» басқарма төрағасы Али Таминжемен кездесті. Маңызды инвестициялық жобалар талқыланған кездесуде түрік кәсіпкерлері министрге Қазақстанда жүзеге асырылуы жоспарланған алюминий және мыс кабель өндірісі жобасы туралы мәлімет берді.

Құны 90 миллион долларлық жоба сәтті жүзеге асса, жылына 12 мың тонна өнім өндіріп, 500 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Бұл жобаға мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсетілетінін айтқан министр Өскенбаев «Қазақстан мен Түркия - сенімді стратегиялық әріптестер. Біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік-мәдени ынтымақтастық табысты дамып келеді. Біз өңдеу өнеркәсібінде заман талабына сай жобаларды жүзеге асыруды қолдаймыз. Бұл біздің халықтарымыз арасындағы бауырластық пен өзара іс-қимылды нығайта түсетін маңызды қадамдардың бірі» деді.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы 6 зауытта жылына шамамен 40 мың тонна кабель өндіріледі.

Жыл сайынғы кабель импорты болса 54 мың тоннаға жетеді.

Импорттың басым бөлігі Ресей, Қытай, Түркия және Беларусь елдерінен келеді.



Ұқсас жаңалықтар