Әлиев: «Қарабахтағы армяндардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі»

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мемлекеттік арнаға мәлімдеме жасады.

1867481
Әлиев: «Қарабахтағы армяндардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі»

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қарабахтағы армян халқына ешқандай мәртебе мен ерекше жағдай бермейтіндерін, бірақ олардың құқықтары мен қауіпсіздігін Әзербайжан мемлекеті қамтамасыз ететінін білдірді.

Әлиев Әзербайжан мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында 3 тамыз күні Қарабақтағы заңсыз армян күштерінің арандатушылық әрекетіне баға берді.

Армения күштерінің арандатуы кезінде Әзербайжан армиясынан бір сарбаздың шейіт болғанын еске салған Әлиев бірнеше сағатқа созылған «Қысас» операциясының жазалау шарасы екенін атап көрсетті.

Әзербайжандық шейіттің қанының дұшпанға бәделінің өте ауыр болатынын баса айтқан Әлиев «Олар (армяндар) мұны ұмытпауы керек. Осыған ұқсас арандатушылық қайталанса, бірдей жауап қайтарылады» деді.

Әлиев «Қысас» операциясынан кейін жүздеген армян әскерінің Қарабах аймағынан кеткенін білдірді.

Лачин, Забух және Сус ауылдарында заңсыз қоныстанған армяндардың кетуі керек екенін атап көрсеткен Әлиев «Ол жерде қалу шын мәнінде соғыс қылмысы, өйткені бұл Женева келісіміне қайшы» деді.

Әзербайжан президенті Қарабах мәселесінің Армения мен елі арасындағы қалыпқа келу үдерісінде орын алмағанын атап «Келіссөз үстелінде ешбір мәртебе (Қарабақтың мәртебесі) талқыланбайды. Талқыланған тақырып – Қарабақта тұратын армяндардың құқықтары мен қауіпсіздігі. Сондай-ақ олардың құқықтары мен қауіпсіздігін Әзербайжан мемлекетінің қамтамасыз ететінін айттым және әрқашан айтқанымды орындаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар