Мирзиеев түрік делегациясын қабылдады

Кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

1862776
Мирзиеев түрік делегациясын қабылдады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Сауда министрі Мехмет Муш пен Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлун қабылдады.

Өзбекстан президент аппаратынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Түркия-Өзбекстан-Әзербайжан үшжақты министрлер кездесуіне қатысу үшін ел астанасы Ташкентте жүрген Сыртқы істер министрі Чавушоғлу, Сауда министрі Муш пен Қатынас және инфрақұрылым министрі Караисмаилоғлу да бар түрік делегациясын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қабылдады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар