Әзербайжан және Армения президенттерімен сөйлесті

Блинкен президент Әлиевті қалған барлық армян тұтқындарды босатуға шақырды.

1859627
Әзербайжан және Армения президенттерімен сөйлесті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Нед Прайс жазбаша мәлімдемесінде Блинкеннің Әзербайжан президенті Әлиевпен сөйлесіп, Әзербайжан мен Арменияның аймақта бейбітшілік орнату мүмкіндіктерін талқылағанын білдірді.

“Министр АҚШ-тың аймақтық көлік-коммуникациялық байланыстарды ашуға көмектесу ұсынысын қайталады. Министр Блинкен Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің Тбилисиде өткен соңғы кездесуі сияқты екіжақты диалогты жалғастыруды қолдады» деді Прайс.

Блинкеннің де ЕО арқылы жүргізілген келіссөздерді қолдайтынын қуаттағанын айтқан Прайс АҚШ-тың 1994 жылдан бері ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағасы болып табылатынын және Армения мен Әзербайжанға ұзақ мерзімді перспективада көмектесу үшін серіктестермен байланыста екенін білдірді.

Нед Прайс “Министр Блинкен президент Әлиевті қалған барлық армян тұтқындарды босатуға шақырды» деді.

Баспасөз хатшысы Прайс Блинкеннің Армения премьер-министрі Пашинянмен сөйлескенін де мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар