ЕО Әзербайжаннан алған газ мөлшерін арттырады

Еуропалық Одақ Әзербайжаннан газ жеткізуді екі есеге арттырғысы келеді.

1856340
ЕО Әзербайжаннан алған газ мөлшерін арттырады

Еуропалық Одақ (ЕО) Ресейдің табиғи газына балама ретінде бірнеше жыл ішінде Әзербайжаннан газ жеткізуді екі есеге арттырғысы келеді.

Әзербайжанда келіссөздер жүргізген Еуроодақ комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Лаяйен әлеуметтік медиа аккаунтында табиғи газ жеткізу туралы жариялады.

Фон дер Лаяйен бүгін Әзербайжанмен жаңа энергетикалық келісімге қол қоятындарын атап көрсетті. «ЕО сенімдірек энергия жеткізушілеріне жүгінеді» деді ол.

Фон дер Лаяйен «Мақсатымыз бірнеше жылда Әзербайжаннан ЕО-ға газ тасымалдауды екі есеге арттыру» деп айтып, Әзербайжанның ЕО-ның энергиямен қамтамасыз ету қауіпсіздігі мен климатқа қолайлы трансформацияда өте маңызды серіктес болатынын білдірді.

Фон дер Лаяйенге Әзербайжан сапарында Еуроодақ комиссиясының энергетика жөніндегі мүшесі Кадри Симсон серік болуда.



Ұқсас жаңалықтар