Нұр-Сұлтанда 15 шілде еске алу рәсімі өтті

Рәсімде ТРТ тарапынан дайындалған "15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне" арналған видео фильм көрсетілді.

1855556
Нұр-Сұлтанда 15 шілде еске алу рәсімі өтті

"15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні" Орталық Азия Түрік Республикаларында да түрліше іс-шаралармен еске алынды. 

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласындағы Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшілігінде "15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні" іс-шарасы ұйымдастырылып, шейіттер еске алынды.

Еске алу рәсіміне Қазақстанда тұратын түрік ұйымдарының өкілдерімен бірге көптеген қазақ  азаматтары және журналистер қатысты. 

Рәсімде қатысушылар шейіттер үшін үнсіз құрмет көрсетті, екі елдің Ұлттық әнұраны орындалды, қаза тапқандар үшін Құран Кәрім оқылып, дұға қылынды. Нұр-Сұлтандағы Юнус Әміре институты студенттері 15 шілдеге арналған өлеңдер оқыды. 

ТРТ тарапынан дайындалған "15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне" арналған видео фильм көрсетілді.

Іс-шаралар аясында "15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні" көрмесі ашылды. 

Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екижи: "Барлық шейіттерімізді борыштылық және құрметпен еске аламын. Ардагерлерімізді еске аламын. Қатысушыларға алғыс айтамын. Осындай іс-шараларды қаншалық көп ұйымдастырсақ, 15 шілде кешін, түрік ұлтының сол кеште басынан өткен оқиғаларды тіпті көп адамға таратамыз және түсіндіреміз " деді. 

"Қазақстанда қазақ баспасөзінен және қазақ бауырластарымыздан қатысушылар келді іс-шараға.15 шілде видеосын көргеннен кейін олардың қаншалықты әсерленгенін көрдік. Сол күнгі оқиғалардың басқа ешбір жерде, басқа ешбір елде болмауын үміт етемін" деді Түркия елшісі. 



Ұқсас жаңалықтар