Әлиев Лавровпен кездесті

«Бейбітшілік келісімі ұсынысымыз жауапсыз қалды,  сонда да бұл ұсыныс қабылданады деп сенеміз» деді ол.

1847797
Әлиев Лавровпен кездесті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армениямен арада қол қойылған декларацияның орындалуы үшін қадам басылуын күткендерін айтты. «Бейбітшілік келісімі ұсынысымыз жауапсыз қалды,  сонда да бұл ұсыныс қабылданады деп сенеміз» деді ол.

Әлиев Бакуге келген Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылады. Кездесуде осы жылдың басында Әзербайжан мен Ресей арасында қол қойылған Одақтастық декларациясын еске салған Әлиев: «Қарым-қатынастарымыздың дамуы үшін осы маңызды құжат ұзын мерзімде өте тиімді ынтымақтастық нәтижесін береді деп сенемін» деді.

Әзербайжан мен Армения арасындағы қатынастардың қалыпқа келу процесінде елінің ұстанымының белгілі екеніне назар аударған Әлиев «Осы ұстаным аймақта ұзын мерзімді бейбітшілік орнатуды мақсаты етеді. Біздің жұмыстарымызды Армения жақсы қарсы алып, қақтығыс аяқталады деп сенемін.  Бейбітшілік келісіміне жұмыс істеу жөніндегі ұсынысымыз жауапсыз қалды, бірақ сонда да осы ұсыныс қабылданады деп ойлаймын» деді.

Әлиев Ресей, Әзербайжан және Армения вице-премьерлері басқарған үштік жұмыс тобының жұмыстарының арттырылғанына оң баға берді. «Ресей Федерациясының Кавказда түбегейлі бейбітшілік орнату шеңберінде белсенді талпыныстарын күтеміз» деді ол.

Ресей Сыртқы істер министрі Лавров екі ел арасында қол қойылған декларацияның және басқа келісімдердің орындалуына бағытталған екі президенттің нұсқауларын орындауға талапты екендерін айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар