Түркия Қазақстандағы референдум үшін қуаныш білдірді

Түркия Қазақстанның тұрақтылығы мен әл-ауқатының мықты болуына тілектестік білдірді.

1838496
Түркия Қазақстандағы референдум үшін қуаныш білдірді

Түркия Қазақстанда өткен Конституциялық заң референдумының тыныш және оқиғасыз аяқталғанына қуанышын білдірді.

Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында «Қазақстанда кеше болған референдум қазақ халқының үлкен қызығушылық танытуымен тыныш атмосферада өткеніне ризамыз» деп айтылды.

Түркия сонымен бірге Қазақстанның тұрақтылығы мен әл-ауқатының мықты болуына тілектестік білдірді. Хабарламада «Референдум нәтижесі дос және бауырлас Қазақстан үшін қайырлы болуын тілейміз.  Түркия бауырлас Қазақстандағы реформа процесіне қолдауын жалғастырады» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар