Қазақстанда халық референдум үшін дауыс беріп жатыр

Қазақстанда өтіп жатқан референдумда 11 миллион 700 мың тіркеулі сайлаушы дауыс береді.

1837778
Қазақстанда халық референдум үшін дауыс беріп жатыр

Қазақстанда бүгін Атазаң үшін референдум өтіп жатыр.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында өткізілген 2-ші реткі референдум аясында қазіргі Атазаңның үштен бірі өзгеруі жоспарлануда.

Халық референдум үшін сандық басында. Ел көлеміндегі сайлау орталықтары азандағы сағат 7-ден бастап қақпасын сайлаушыларға ашты.  

Елорда Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлау орталықтарында ел әкімшілігінің мүшелері дауыстарын берді. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлаушылар арасына келді.

Референдумды Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Түрік Мемлекеттері Ұйымының Парламентарлар Ассамблеясы және басқа да халықаралық ұйымдар мен шетелден 272 бақылаушы қадағалап отыр. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың талпынысымен басталған референдум елде әкімшілік жүйесін қайта құруды мақсат етуде.

Референдум аясында қазіргі Атазаңның үштен бірі өзгеруі нысанаға алынды.

Қазақстан Орталық Сайлау комиссиясы санағына қарағанда референдумда 11 миллион 700 мың тіркеулі сайлаушы дауыс береді. Ел көлемінде 553 сандық, шетелдерде 52 елде 65 сандық дайындалды. 

Атазаң өзгерістері бес бөлімнен тұрады.

Жаңа Атазаң жобасында "Қазақстан территориясы және жер астындағы табиғи байлықтар мемлекет мүлкі" деген баб "Қазақстан территориясы және жер астындағы табиғи байлықтары халыққа тән" деп өзгертіледі. 

Қазақстан президенті міндеті кезеңінде ешбір партияға мүше болмайды.

Сонымен бірге президенттің  жақындары мен туыстары мемлекет билігінде міндет атқармайды. Елдегі қазіргі ерекше президенттік әкімшілік жүйесі аяқталады. Парламент күшейтіледі. Парламенттің билік көлемі артады және заң қабылдау билігі Парламенттің төменгі қанаты Мәжіліске беріледі.

Заң жобасы аясында өлім жазасы толық жойылады. Осылайша қазіргі Атазаңда террорлық қылмыс пен соғыс кезінде қылмыс жасағандарға ерекше жаза ретінде берілген өлім жазасы ешқандай шартта қолданылмайды.

Қазақстан Атазаң Кеңесі қайтадан Қазақстан Соты ретінде құрылады. 2023 жылы 1 қаңтарда міндетке бастауы жоспарланған Қазақстан Соты 11 сот мүшесінен құралады. Мүшелер 6 жылдық міндет атқару үшін сайланады. 

Президент Парламенттің үстіңгі қанаты Сенатқа тағайындайтын депутат саны 15-тен 10-ға түсіріледі. Осылайша Парламенттің астыңғы қанатындағы депутат саны 107-ден 98 кісіге азайтылады. 

Қазақстанның құрушы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атазаңдық мәртебесі қамтылған  Тұңғыш Президентке байланысты заң күшін жояды. 



Ұқсас жаңалықтар