Түрік диаспорасы үшін байқау

Байқау жеңімпаздары 01 қыркүйекте белгілі болады.

1834796
Түрік диаспорасы үшін байқау

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы (YTB) түрік диаспорасындағы әдебиет саласындағы таланттарды насихаттау мақсатында төртінші рет «YTB Түрікше марапаттарын» ұйымдастырады.

YTB-тің жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, биылғы байқауға әңгіме, поэзия және алғашқы кітап салаларынан бөлек диаспора балалар әдебиеті жанры да қосылды.

Барлығы бес номинация бойынша өтетін байқауда әр санат бойынша жеке іріктеу комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясы негізге алатын бағалау критерийлерінің арасында түрік тілін дұрыс және тиімді қолдану, грамматика, оригиналдық, категорияның техникалық сипаттамаларымен минималды үйлесімділік бар.

 Сонымен қатар байқауға енген шығарманың түрік диаспорасы әдебиетінің өндірісін арттыру, байыту, осы жанрға жаңа бастамалар әкелуі секілді ерекшеліктері  де ұпайда маңызды болмақ.

 Осы байқау шетелде тұратын азаматтарды  түрік тілін меңгеру және ана тілінде сөйлеу дағдыларын арттыруға ынталандыруды және түрік диаспорасына тән әдебиет саласыда жаңа бастамаларды енгізуді мақсат етеді.

Байқауға қатысқысы келетіндер 30 маусымға дейін «obys.ytb.gov.tr» сайтына өтініш бере алады. Байқау жеңімпаздары 01 қыркүйекте белгілі болады.



Ұқсас жаңалықтар