Акар Жақсылықовпен кездесті
Акар мен Жақсылықов арасындағы кездесуде екіжақты және аймақтық қорғаныс пен қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасылды.
ТР Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал Руслан Жақсылықовпен кездесті.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары аясында Түркияға келген генерал Жақсылықов елордасы Анкарада әскери салтанатпен қарсы алынды.
Акар мен Жақсылықов арасындағы кездесуде екіжақты және аймақтық қорғаныс пен қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасылды.
Кездесуде Акар Түркия мен Қазақстан арасындағы ортақ тарихи құндылықтарға тоқталды.
2019 жылы екі ел арасында қол қойылған стратегиялық серіктестік келісімінің қарым-қатынастар үшін маңызды бағыт айқындағанын айтқан Акар әскери білім ынтымақтастығы мен қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы бар қарым-қатынастарды арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан үкіметі су тасқынындағы шығындарға байланысты бірқатар жұмыс істеді
Қазақстанда су тасқынынан үйлері қирап қалған 356 отбасына жаңа үйлер мен пәтерлер берілді.