"Армения Әзербайжанның ұсынысын қабылдады"

Әзербайжан президенті Әлиев Ресей президентімен сөйлесті.

1809881
"Армения Әзербайжанның ұсынысын қабылдады"

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев екі ел арасында мемлекеттер арасы қатынастардың қалыпқа келуі үшін ұсынылған бес принципті Арменияның қабылдағанын білдірді. 

Бұл  туралы Әзербайжан президенттік аппараты хабарлады.  Аппараттың хабарлауынша, президент Әлиев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон әңгімесінде Арменияға ұсынған бес принцип туралы айтты. Хабарламаға қарағанда, Әлиев Путинге «Арменияның осы принциптерді қабылдағанын» айтты.

Әзербайжан қатынастардың қалыпқа келуі үшін Арменияға «мемлекеттердің бір бірінің егемендігін,  территория тұтастығын,  халықаралық шекаралардың қол сұғылмаушылығын және саяси тәуелсіздігін өзара тану», «мемлекеттердің бір бірлерінен жер сұрамайтынын және болашақта осындай талап қоймайтындарын өзара бекіту», «бір бірлерінің қауіпсіздігіне қауіп төндіруден, саяси тәуелсіздік және территория тұтастығына қарсы қауіп және күш қолданудан, БҰҰ Келісімінің мақсаттарына қайшы келетін басқа жағдайлардан аулақ болу», «шекаралардың айқындалуы және дипломатиялық қатынастардың құрылуы» және «қатынас пен коммуникация желілерінің ашылуы,  басқа да қатынас желілерінің құрылуы және мүдделі салаларда ынтымақтастық» баптарынан тұратын ұсыныс берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар